Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салу үшін Қытаймен серіктес болған Өзбекстан, енді Орталық Азиядағы қалдықтарды энергиямен өңдеуді тәжірибеден өткізетін бірінші мемлекет болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
ӨЗБЕКСТАНМЕН СЕРІКТЕС БОЛҒАН ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫ
Бұл мәлімдемені 2024 жылы Өзбекстандағы қалдықтарды өңдеуге кіріскен қытайлық Shanghai SUS Environment компаниясының вице-президенті Том Ши бөлісті.
Сонымен қатар, Ши жобаларды кеңейту аясында Shanghai SUS Environment қалдықтарды өңдеу секторына бір миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отырғанын жеткізген.
Олар Өзбекстанның жаңа бағытына іс жүзінде қолдау көрсетуге ниет білдіруде. Атап айтқанда, қытайлық серіктестер жергілікті жоғары оқу орындарымен және мамандандырылған ұйымдармен бірлесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ заңнамаға қатысты нормативтік құжаттарды бірлесіп әзірлеуге қатысуға дайын.
Еске сала кетейік, Shanghai SUS Environment компаниясымен қалдықтарды энергияға айналдыру жобаларын жүзеге асыру жолындағы ынтымақтастық меморандумына 2024 жылдың мамыр айында қол қойылған болатын.