Қазақстанның Халық әртісі әрі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген латын америкалық балаларды ерекше қуантты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Димаштың Мексикадағы фан-клубы үшінші жыл қатарынан 30 жылдығын тойлап жатқан жаһандық “Ойыншықтар мерекесі” фестивалімен бірігіп жұмыс атқарып жатыр. Бұл қайырымдылық жобасы әлемдегі ең үлкен ойыншықтарды жинау шарасына айналған. Оның басты мақсаты – Мексика мен Латын Америкадағы аз қамтылған отбасы балаларына қуаныш сыйлау болатын.
Биыл да жоба аясында Димаш Құдайбергеннің атынан көптеген ойыншық сыйға тартылған. 6 қаңтарда, Үш патша атты мереке қарсаңында сыйлықтар кішкентай балаларға жеткізілген.
“Фестиваль балаларға қуаныш сыйлағысы келген жүздеген адамның тарапынан ұйымдастырылған. Бұл жоба балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, оларды игі істерге шабыттандырады: мысалы, бір кездері ойыншық алған балалардың көбі кейін қайырымдылық шараларының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына айналған да жағдайлар жиі кездеседі.
БҰҒАН ДЕЙІН
9 желтоқсанда Қазақстанның Халық әртісі әрі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды. 14-ші рет "Халықтың Сүйіктісі-2024" ұлттық сыйлығында 10 номинация бойынша дауыс беру қорытындысы шығарылды. Димаш Құдайберген тағы да "Жылдың Мәдениет қайраткері" атанды. Бұл санатта әнші төртінші рет марапатталып отыр.
Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді. Қараша айының соңында қазақстандық әртіс DIAFA 2024 қонақтарына өзінің Stranger концерттік турының титулдық композициясын таныстырып, беделді марапатқа ие болған еді.
Димаш Құдайберген
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянында Қазақстан жерлерінің сұлулығын көрсеткен еді.
Димаш Құдайберген қазақ әншісі, әндердің авторы әрі мультиинструменталист. Ол классикалық және заманға сай музыка бойынша университеттік білім алған. Өзінің ерекше кең вокалдық диапазонымен танымал.