Ұшақ апаты: Бразилия Қазақстанға қара жәшікті зерттеу қорытындысын берді

Ulysmedia

Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдау аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Cenipa

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бразилияның әуе күштері Embraer ұшағының қара жәшіктерін талдауды аяқтап, материалдарды Қазақстанға жіберген.
Материалды Бразилияның үш тергеушісі, сондай-ақ Әзербайжан мен Ресейдің агенттері талдаған.

Апатты талдауға және тергеуге жауапты мекеме қара жәшіктегі материалдарды қазақстандық авиациялық апаттарды тергеу органына жіберді және апат туралы қорытынды есеп жарияланады.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.

Сонымен қатар, Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың эксклюзив кадрлары пайда болды. 

6 қаңтарда Әзербайжан президенті ұшақ апатына айыптыларды жазалауды талап етті. Әзербайжан азаматтарының Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқаны Ресей өкілдерінің кінәсінен деп сеніммен айта аламын. Ұшақ апаты құрбандарының туған-туыстарымен кездескен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев осылай деп мәлімдеді.