Ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша-бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. 8 қаңтарда сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысы шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін)көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған. Облыста жол 8 қаңтарда сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
7 қантарда сағат 19:00-де республикалық маңызы бар “Қызылорда-Жезқазған” автожолының 12-216 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынаң - Ұлытау обласының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 8 қаңтарда сағат 08:00-да ашу жоспарланған.
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
7 қаңтарда сағат 19:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеде (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.
Жолды 8 қаңтарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.