Дания корольдігінің елтаңбасынан үш тәж бейнесін алынып тасталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.
Соңғы 52 жыл ішінде Данияның елтаңбасы бәріне сәйкес келді және оны ешкім өзгертуге тырыспады. Бірақ қазір Дания королі тарихшыларды таң қалдырып, корольдік елтаңбаны өзгертті. Ол Гренландия мен Фарер аралдарын одан да көрнекі етті. Бұл Дональд Трамп Гренландияны сатып алуға ниет білдіргеннен кейін, ол Фарер мен аталмыш арал бейнелерін елтаңбада көзге түсерліктей етіп өзгерткен.
500 ЖЫЛ БОЙЫ БЕЗЕНДІРІП КЕЛГЕН
The Guardian мәліметінше, король Фредерик Данияның елтаңбасындағы Норвегия және Швециямен одақтас екенін білдіретін үш тәжді алып тастауды бұйырды. Бұған дейін ол 500 жыл бойы безендіріліп келген еді. 2024 жылы 20 желтоқсанда король арнайы құрылған комитеттің ұсыныстары негізінде жаңа елтаңбаны бекітті.
Басылым король мұндай өзгерістерге Гренландия төңірегіндегі шиеленістің күшеюінен және сыртқы қауіпсіздік саясатын бақылауды жалғастырып отырған Даниямен қарым-қатынасының салдарынан барғанын айтады.
АМЕРИКА ГРЕНЛАНДИЯНЫ САТЫП АЛУДЫ ҚАЛАЙДЫ
Корольдің шешіміне, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың желтоқсан айында АҚШ-тың «бүкіл әлемде ұлттық қауіпсіздік пен еркіндікті» қамтамасыз ету үшін Гренландияны сатып алуын қалайтынын айтқан соңғы мәлімдемелері де әсер еткен болуы мүмкін. Дания аралының премьер-министрі Муте Эгеде Гренландия «сатылмайды» деп жауап берді. Ол, сонымен қатар, Гренландияның Даниядан тәуелсіз болуын тұрақтандыруды және «отаршылдық дәуірінің бұғауларын» жоюға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дания корольдігінің елтаңбасы 1819 жылдан бастап үш рет өзгерді: 1903, 1948 және 1972 жылдары. Дегенмен, соңғы өзгерістер тарихи ортаны дүр сілкіндірді.