Ақмола облысында тәулік бойы байланысқа шықпаған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 8 қаңтар күні құқару қызметіне Жақсы ауданының Терісақан ауылында тәуліктен бері байланысқа шықпай, балық аулаудан 4 адам оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен. Іздеуді ТЖМ, полиция және ЖАО күштері жүргізді.
“Құтқару шараларын қардың көп түсуі қиындатты. Арнайы техника К700 тракторының көмегімен балықшыларға жол ашуға тура келді. Оқиға орнына келген құтқарушылар көліктің ішінара мұздың астына түсіп кеткенін анықтады”, делінген ТЖМ ақпаратында.
Көлік қар құрсауынан шығарылып, адамдарды эвакуациялау қажет болмады. Құтқарылғандар одан әрі тазартылған учаскеде өз жолын жалғастырды.
Ал балықшылар құтқарушыларға өз алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, 6 қаңтар күні құтқарушылар Семейде көпірден құлаған көлікті судан алып шықты.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Семейде жарысқан көліктің бірі көпірден ұшып кеткенін бүгін әуелі ІІМ хабарлаған еді. Көліктің ішінде төрт адам болған. Олардың бірі жағаға жүзіп шыққан. Бір адамның денесі табылған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілген. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады, азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.