Қарағандыда үйден өрт шығып, екі бала мерт болды

Сымбат Сатыбалдина

Қарағандыда екі пәтер орналасқан тұрғын үйден өрт шығып, екі бала мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі сурет: ТЖМ

МӘН-ЖАЙ

Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала үйден өздігінен шығып аман қалған. Олар Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді, делінген ТЖД хабарламасында. 

Сонымен қатар, 1964 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар оқиға орнынан 2020 және 2022 жылы туған тағы екі баланың денесін алып шықты. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қарағанды облысында мешіт түгі қалмай өртеніп кеткен болатын. Оқиға Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында болған. 

"Первый Карагандинский" телеарнасының мәліметінше, Томар ауылындағы мешіттің түгі қалмай өртеніп кеткен. Өрт болған уақытта мешітте ешкім болмаған.  Қызыл жалын мешітті бірден шарпып, өрт алыс жерден де көрініп тұрды, делінген материалда.  Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіруге тырысқан.