Ақтауда әскери тергеу басқармасының бастығы пара алды деген күдікке ілінді

Сымбат Сатыбалдина

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтауда Ішкі істер министрлігінің Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы Мұхит Джавгашевті ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia коллажы

МӘН-ЖАЙ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ІІМ Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері Джавгашев пен Сәдуақасовты 1 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұстағаны туралы ақпарат желтоқсан айында әлеуметтік желілерде пайда болған.

ДЖАВГАШЕВ ДЕГЕН КІМ

Мемлекеттік сатып алулар сайтында бөлімді Мұхит Джавгашев басқарады деп жазылған. Бұл іске ұйымның тағы бір қызметкері ұсталды, оның аты-жөні белгісіз. 

ҰҚК НЕ ДЕЙДІ

Комитеттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты Ұлысмедиа тілшісіне растады. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.