АҚШ-та «Вагнер» құрамында болған Қазақстан азаматы ұсталды

Сымбат Сатыбалдина

АҚШ-та «Вагнер» құрамында болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Азаттықтың Орыс қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: Азаттық

Басылым мәліметінше, АҚШ-қа заңсыз кірмек болған Тимур Пралиевтің суреті табылған. Оның "Вагнер" мүшесі болғаны расталған. 

СУРЕТТЕ ПРАЛИЕВ ЕКЕНІ РАСТАЛДЫ

Бір айға жуық уақыт бұрын Башқұртстан республикасындағы "Защитники Отечества" қорынан ардагер куәлігін алған. Бұл жөнінде мәлімет 12 желтоқсанда "ВКонтакте" желісіндегі қордың парақшасында жарияланған.

Оның әлеуметтік желі парақшасындағы достарының бірі Азаттыққа суреттегі адам Пралиев екенін растады.

 "ВКонтакте" желісіндегі деректер Америка соты құжаттарындағы деректермен сәйкес келеді.   

ПРАЛИЕВ – ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ

Бұған дейін Пралиев өзінің Қазақстан азаматы екенін айтқан. Алайда оның қазақстандық төлқұжаттан бөлек, ресейлік паспорты да болған. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Американың шекара қызметі Мексика жағынан Рио Гранд өзені арқылы Техасқа қарай заңсыз өтпек болған ЧВК "Вагнердің" бұрынғы жалдамалысы Тимур Пралиевті ұстады. Оқиға 2024 жылғы желтоқсанның ортасында болған деп жазды Америка ақпарат құралдары.

Пралиев ұсталғаннан кейін Қазақстан азаматы екенін айтқан, алайда оның қазақстандық төлқұжаттан бөлек, ресейлік паспорты да болған. Шекарашылар одан 4 мың доллар, 60 мың мексикалық песо және дрон тапқан.

Жауап алу кезінде Пралиев ЧВК "Вагнер" құрамында соғысқанын мойындаған. Пралиевке шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған. Ол тағылған айыпты мойындаған. Пралиев әзірге федералдық түрмеде, оның әрі қарайғы тағдыры белгісіз.