Астананың Сарыарқа ауданындағы Мәскеу көшесінде орналасқан екі қабатты сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
С️ондай-ақ өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жеткен және алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте дереу газ-түтіннен қорғау қызметі құрылған.
«Келгеннен кейін бірден газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері құрылып, барлау жұмыстары басталды», - деп атап өтті департамент баспасөз қызметі.
ТЖМ хабарлауынша, зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түспеген.
“Нақтыланған мәліметтер бойынша Сарыарқа ауданы Мәскеу көшесі бойындағы екі қабатты сауда үйінің бірінші қабатында лак-бояу бұйымдарын сақтайтын үй-жайда 20 ш.м. алаңда өрт шыққаны анықталды”, делінген ТЖМ ақпаратында.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.