Швейцария АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің өтініші бойынша кездесуді ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
«Бюргенстоктағы саммиттен бері Украина, Ресей және АҚШ біздің бейбітшілік орнату жолындағы кез келген дипломатиялық күш-жігерді қолдауға дайын екеніміз туралы үнемі хабардар болып отырды», - деді Швейцария Сыртқы істер министрлігінің ақпарат қызметінің басшысы Николас Бидо бір күн бұрын.
Сонымен бірге жергілікті Le Temps газеті Швейцария билігі келіссөздерді ұйымдастыру бастамасын көтеруге ниетті емес деп атап көрсетеді.
Швейцария - Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуін өткізуге дайын бірнеше елдің бірі.
Контекст
Бұған дейін АҚШ-тың сайланған президенті Ресей-Украина соғысын тоқтату үшін Ресей президентімен кездесуге дайын екенін айтқан. 7 қаңтарда Трамп алты ай ішінде Путинмен кездесуді күтетінін айтты.
10 қаңтарда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөздерді ұйымдастыруға қатысты нақты мәліметтер жоқ деп хабарлады.