Күнде сүт ішу ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупін төмендетеді

Сымбат Сатыбалдина

Ғалымдар сүтті күнде ішудің күтпеген пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Guardian-ға сілтеме жасап.

iStock

ЗЕРТТЕУГЕ 500 МЫҢНАН АСА ӘЙЕЛ ҚАТЫСҚАН 

Сүтті күнделікті ішу ішек қатерлі ісігінің даму қаупін 17%-ға төмендетуі мүмкін. Тәжірибені Оксфорд университеті жүргізген. Басылымның мәліметінше, 500 мыңнан астам әйелдің тамақтану әдеттері туралы зерттеу жасалған. 

Зерттеу нәтижесінде адам ағзасы күн сайын 300 мг кальций алуы қажет екені белгілі болды. Бұл шамамен бір литр сүттегі мөлшер.

Кальцийдің сүт өнімдерінде де, сүтсіз өнімдерде де бірдей әсер ететіні анықталды, бұл оның қатерлі ісік қаупін төмендететін негізгі фактор екенін көрсетеді, – деді Guardian басылымына зерттеу авторларының бірі, дәрігер Керен Папье.

ЕҢ КӨП ТАРАҒАН АУРУ

Ішек қатерлі ісігі әлемдегі ең көп таралған онкологиялық ауру. 1990 жылдан 2018 жылға дейін 25-49 жас аралығындағы адамдар арасында бұл диагноз 22%-ға артқан.

Бұл аурудың тез тарауының нақты себебі белгісіз болғанымен, мамандар ішек қатерлі ісігінің жартысынан көбін алдын алуға болатынын айтады, Себебі әр бесінші жағдай қызыл немесе өңделген ет басым болатын диетамен байланысты.

Зерттеу нәтижелері Nature Communications ғылыми онлайн басылымында жарияланды.

АСҚАБАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ

Еске салайық, бұған дейін қатерлік ісік қаупін азайтатын асқабақ дәнінің пайдасы туралы жазған едік. Асқабақ тұқымы – әсіресе күзде танымал тағам түрі. Асқабақ тұқымын үнемі жеу жүрек жұмысын, ас қорытуды жақсартуға көмектеседі. 

ҚАБЫНУДАН ҚОРҒАЙДЫ

Асқабақ тұқымында лигнан деп аталатын пайдалы қосылыстар бар. Лигнандар қабынуды азайтады және қатерлі ісік қаупін төмендетуге көмектесетін күшті антиоксиданттар.

ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

"Асқабақ тұқымдары – бұл жүректің денсаулығын жақсартуға және қандағы қанттың деңгейіне ықпал ететін әмбебап тағам немесе тағамға қосымша", – дейді Джесси Холден, Ph. D., RDN, отбасылық аспаздық диетолог.

Оларда қаныққан май аз, бірақ жүрекке пайдалы өсімдік ақуызына бай. Егер бұл жеткіліксіз болса, олардың магнийі қан қысымын реттеуге көмектеседі.