Астанада сотталушы 240 млн теңгені төлей алмай түрмеге қамалды

Сырым Қаржас

Астанада сот пара бергені үшін сотталған жергілікті тұрғынды айыппұлды төлей алмағаны үшін бас бостандығынан айыру орнына жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы прокуратураға сілтеме жасап.

Ulysmedia коллажы

Сот лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін Астана тұрғынына 240,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салған. Сотталған адам сот орындаушысына 196 млн теңге сомасына айыппұлды ішінара өтегенін көрсететін түбіртектердің көшірмелерін берген.

Алайда Нұра ауданының прокуратурасы бұл сома мемлекет кірісіне түспегенін анықтады.

Түбіртектің жалған болып шықты, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот айыппұл түріндегі жазаны жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.