Қазақстан халықаралық астық нарықтарындағы өз позициясын нығайтуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
КІМГЕ ҚАНША БИДАЙ ЖЕТКІЗДІК
Қазақстан теміржолы деректері бойынша 2024 жылы шет елдерге 10,6 млн тонна астық тасымалданған. Оның ішінде экспорт – 8,1 млн тоннаны құрады.
Экспорт бағыттарының ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна), Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20% артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.
Иран мен Әзірбайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзірбайжанға - 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті, – деп хабарлайды министрлік.
2024 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 50% артық. Экспорт көлемі 57% өсіп, 3,9 млн тоннаны құраған. Оның ішінде Өзбекстанға 1.5 млн тонна (өсім 45%), Тәжікстанға - 633 мың тонна (57%), Ауғанстанға - 190 мың тонна (51%), Қытайға - 592 мың тонна (2%) экспортталды. Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тоннаны құрады, Әзірбайжанға 188 мың тонна экспортталған. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында тасымал болмаған.
АҚСАҚАҚОВ НЕ ДЕДІ
Бұған дейін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің проблемалары туралы айтып берген еді. Ақсақалов ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде Қостанай облысының экономикасы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында сүйеніп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті фермерлер бидайды сатуда қиындықтармен жиі бетпе-бет келеді, өйткені өнім ол өңделмейді. “Бүгін, өкінішке қарай, біздің бидай өңделмеген және ешкімге қажет емес” дейді ол.