Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «FinansInvest» микроқарды ұйымы лицензиясынан айырылғаны жөнінде ақпарат таратты, деп жазады Ulysmedia.kz.
АГЕНТТІК НЕ ДЕЙДІ
Агенттіктің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «FinansInvest» микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған. Уәкілетті органның жазбаша нұсқама шығарып, осындай шешім қабылдаған.
ЕНДІ МҚҰ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК
«Микроқаржылық қызмет туралы» заң талаптарына сәйкес, енлі МҚҰ шешім қабылдаған күннен бастап 30 күн ішінде өз атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастауы керек. Сол арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.