Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өрт болып жатқан Лос-Анджелесте жүрген қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ЕШКІМ КӨМЕК СҰРАҒАН ЖОҚ”
Ол жақтағы Қазақстан азаматтары бізге көмек сұрап хабарласқан жоқ. Жалпы сол жергілікті халық эвакуация жасағанда барлығы бірге көшіріледі”, дейді Смадияров.
Өткен аптада Лос-Анджелестің біраз бөлігін шарпыған АҚШ тарихындағы ең жойқын орман өрттерінің бірі сенбідегі желдің салдарынан бағытын өзгертіп, жағдай қиындай түсті.
ЭВАКУАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ
Жағдайдың күрделене түсуі 153 000 адамды дереу эвакуациялауға мәжбүрледі. Сонымен қатар тағы 166 000 адамға үйлерін тастап кетуге дайын болу туралы ескертілді.
АДАМ ШЫҒЫНЫ
Бүгін өрт салдарынан кем дегенде 24 адамның қаза тапқаны белгілі болды.
ХАЛЫҚ НАРАЗЫЛЫҒЫ
Билік өрттің шығу себебін әлі анықтай алмай отыр. Сонымен қатар Лос-Анджелес тұрғындары арасында биліктің әрекетіне және олардың мұндай катаклизмге дайын болмауына наразылық артып келеді.
КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ
Ұрлық-қарлық туралы ақпараттардың көптеп тарауына байланысты эвакуацияланған аудандарда коменданттық сағат енгізілді. Ондаған қамауға алынғандар туралы да мәлімет бар. Кейбір аудандарда тұрғындардың өздері аумақты күзететін қарулы патрульдер құрып алған.
Өрт әлі толық сөндірілген жоқ.