Ақтөбеде белгісіз біреу адамдарды кепілге алған

Сымбат Сатыбалдина

Полиция Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілге алды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

видео кадры

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі Мәскеу ауданындағы 1905 жыл көшесінде белгісіз біреулер адамдарды қорада кепілге алғаны туралы хабар тарай бастады. Бұл алдын ала болжам. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға жеке тұрғын үйде болып жатыр. 

Куәгерлердің айтуынша, үйге қаскүнем кіріп кеткен, бірақ оны қазір кепілде отырған үй иелері ұстап алған. Оқиға орнына барлық жедел әрекет ету күштері жіберілді: полиция, өрт сөндірушілер және дәрігерлер. Үйге жақын аймақты құқық қорғау органдары қоршауға алды, дейді видео авторы. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

102 пультіне белгісіз біреудің жеке үйге басып кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барлық төтенше жағдай қызметі жедел жетіп, аумақ қоршауға алынды. Оқиға орнында полиция бөлімінің бастығы мен қала прокуроры жүр, қазір келіссөздер жүріп жатыр, дейді полицейлер.