2024 жылдың желтоқсанында ауа райы жылы болып, рекорд жаңарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РЕКОРД
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-6° жоғары болды. Петропавл қаласында 19 желтоқсанда ауа температурасы +1,3°С-қа дейін көтеріліп, 1978 жылғы +0,8°С рекордын жаңартты.
Ел аумағында ауа температурасы бірнеше рет өзгерген – күн арасында жылып, арасында күрт суыған күндер байқалды. Сонымен қатар, қар жауып, кейде жаңбырға ұласуы, боран, дауылды жел, көктайғақ және тұман жиі тіркелді.
АЙМАҚТАР
Мысалы:
• 15 желтоқсанда Түркістан облысының Шуылдақ метеостанциясында қатты қар жауып, жауын-шашын мөлшері 22 мм-ге жетті (айлық норма – 77 мм).
• 29 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко метеостанциясында қатты жаңбыр жауып, 17 мм жауын-шашын түсті (айлық норма – 10 мм).
• 13-14 желтоқсанда Жетісу облысының Жалаңашкөл метеостанциясында желдің екпіні 40 м/с-қа дейін, 16 желтоқсанда Достық АМС-те секундына 36 метрге дейін жетті.
• 4-8 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысындағы Родниковка метеостанциясында көктайғақ пен қырау түзіліп, диаметрі 66 мм-ге жетті.
Астанада желтоқсандағы орташа ауа температурасы -8,8°С болды, бұл климаттық нормадан 3,2° жоғары (норма –12°С). Ең төменгі температура 11 желтоқсанда -20,8°С, ал ең жоғарғы температура 14 желтоқсанда +0,7°С болды. Айлық жауын-шашын мөлшері 31 мм-ді құрады, бұл нормадан (25 мм) 122%-ға артық.