Депутат Гаухар Танашева Парламенттен кетті

Аян Өрібай

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Парламенттан кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

АҚПАРАТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Танашеваның орынтағын босатқаны жөнінде әуелі Орталық сайлау комиссиясы ақпарат таратты. 

Қазақстан Халық партиясы бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын, – делінген комиссия қаулысында.

Ulysmedia.kz тілшісі Гаухар Танашеваның Парламенттен кетуіне не түрткі болғанын білу үшін оған қоңырау шалғанымен ұялы телефоны өшіп жатты.

ТАНАШЕВА СОҢҒЫ САУАЛЫНДА НЕ ДЕДІ

Гаухар Танашева 2024 жылы 25 желтоқсанда, яғни былтыр өзі қатысқан парламент мәжілісінің соңғы отырысында «халқын аямайтын үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей дамыған мемлекеттердің қатарына кірмейміз» деп мәлімдеген еді. 

Адамдар өмір сүру үшін күрес пен тұрақсыздық режимінде балаларды қалай тамақтандырамын, қарызды қалай жабамын деген қорқынышпен жүр. Өйткені халықтың 80 пайызы несие алып өмір сүріп жатырмыз. Мұндай жағдайа балаларды қандай патриот қылып өсіреміз? – деген еді Танашева.

ОНЫҢ ОРНЫНА КІМ КЕЛДІ

Мәжіліс депутатының бос мандаты «ҚХП» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге берілді.