Қазақстанда аңшыларға қасқыр аулауға рұқсат берілді

Сырым Қаржас

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аңдардың санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

2025 жылға арналған Қазақстан аумағында қасқырлар мен шибөрілерді аулаудың рұқсат етілген санын айқындауға биологиялық негіздеме дайындалған.

2025 жылғы 15 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін (қасқыр, шибөрі) аулап алуға болады. Жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілді, - делінген хабарламада.

Былтыр Қазақстанда қасқыр саны өскені хабарланған.