Мәйіттерді зорлаған: Алматыда күзетші мәжбүрлі емдеуге жіберілді

Сымбат Сатыбалдина

Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған күзетші мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

t.me/kozachkow

Жабық сот отырысында мәйіттердің денесін қорлады деген айыппен Б.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы материалы (ҚК 314-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы) қаралды.

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Іс материалдарына сәйкес, Б. созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады (2024 жылғы 24 маусымдағы сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы) және 2023 жылғы сәуірден 2023 жылғы қазанға дейінгі кезеңде мәйітхана ғимаратында бірнеше рет мәйіттердің денелерін зорлаған және бәрін ұялы телефонына видеоға түсіріп алған.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ер адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шараларды қолдану ұсынылды.

СОТ ШЕШІМІ

Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс еместік жағдайда болғаны және созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің мәні мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтындығы, сондай-ақ оларды басқара алмайтындығы туралы қорытындыға келді.

Сот қаулысымен сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайтыны хабарланған еді. 

Жантүршігерлік оқиға былтыр сәуір айында болған. Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлады деген күдікпен қамалған болатын.