Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастаса, 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен - Самара» автожолының 101-ші шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 м3 қар көшкіні өздігінен жүрді», делінген ТЖМ ақпаратында.
Зардап шеккендер мен қираған мүлікжоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады.
Жол «Облшығысжол» ЖШС техникаларының көмегімен тазартылды.
“Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды. ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар көптеген ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез кетіңіз”, деп қосты ТЖМ мамандары.
БҰҒАН ДЕЙІН
ШҚО-да тас жолдың бір бөлігі қар көшкіні салдарынан жабылған еді.
Ал қаңтар айының басында ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті.
Содай-ақ былтыр желтоқсан айының соңында Шығыс Қазақстан облысында қолдан ұйымдастырылған жарылыстардың көмегімен таудан 2 мың текше метрден астам қар тау тегіне түсірілген.