Қазақстанның төрт облысында жол жабылды

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстанның төрт облысында жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

azattyq.ruhy

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

20 қаңтарда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлем ақы алу пунктіне дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Өңірде жол 21 қаңтарда сағат 06:00-де ашылады. 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

20 қаңтарда сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 21 қаңтарда сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

20 қаңтарда сағат 13:20-да ауа райының бұзылуына байланысты "Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы" автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Өңірде жол қашан ашылатыны әзірге белгісіз.