Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бес минуттан артық көлікті қыздырғандарға айыппұл салуды қол қолдап қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Министрге журналистер “кәсіпорындардың экологиялық талаптарды орындауына жетпей жатып, көліктер иелеріне айыппұл салған дұрыс па?” деп сұрақ қойған. Ерлан Нысанбаев бұл әуелі ішкі істер министрлігінің тақырыбы деді.
Біз әрине, оны қолдаймыз. Бұл норма бүгін пайда болған жоқ. 20 жылдан бері бар. Әрине, әр елдімекеннің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында біз қолдаймыз. Біздің құзіретпен қарағанда бостан бос қызып тұрған көлік зиянын тигізеді. Ал енді бүгін болып жатқан жағдай меніңше, айыппұл салып бюджетке түсімді көбейту мәселесі емес. Жан-жақты мәселені қарастырып жатырмыз, – дейді Нысанбаев.
Оның айтуынша, Алматының өзіне күніне 400 мың көлік келеді. Тіркелген 700 мың көлігі бар. қала сыртында 19 бекет бар.
Әрине, экологиялық жағынан сөндірілмей тұрған көлік экологияны ластауға әсер етеді. Сол себепті қол қолдап қолдаймыз, – деді ол.
Министр біреуден арыз түссе ғана, көліктің бес минуттан артық қыздырылғаны дәлелденгенде ғана айыппұл салынатынын айтты. “Халыққа бұл бағтыта қорқыныш жоқ” дейді ол.
АЙЫППҰЛ
Қазақстанда тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосылып тұрған көлікті қоюға тыйым салынған. Қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық тұраққа қойғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).
ХАЛЫҚТЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ
Бұл норма бірнеше жылдан бері қазақстандықтардың ашуын туғызып жүр. Олардың айтуынша, әсіресе Астана қаласында қыста көлікті жылытуға көбірек уақыт қажет. Сенатор Қожаевтың айтуынша, бұл бұрыннан қолданыста бар норма және ол экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Ал мәжіліс депутаттар ішкі істер министрі Ержан Саденовке сауал жолдап, жол ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарды қайта қарау керектігін айтқан еді.