Қазгидромет синоптиктер 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі. Түнде көшпелі бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Ауа температурасы түнде -21-23 °C дейін суиды. Күндіз де осы температура сақталады.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын, кей уақытта қатты (көбінесе қар). Кей уақытта тұман, көктайғак, жолдарда қарлы қатқақ. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және күндіз ауа температурасы -1-3°C
Шымкентте солтүстік шығыстан жел соғады. Аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз -5-7°C шегінде сақталады.
Ақтөбе облысында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Түнде ауа температурасы -21-23 °C болса, күндіз -16-18 °C.
Ұлытау облысының шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Жезқазғанда 22 қаңтарда Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Облыста күндіз де, түнде де -18-20 °C суық болады. Жезқазғанда түнде және күндіз -20-22 °C градус суық түседі.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Қарағандыда 22 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 13-15 градус аязға дейн күрт төмендейді.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы -5-7 °C болса, түнде -10 -12 °C дейін суиды.
Қостанай облысында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Түнде ауа температурасы күндіз -20-22 °C, түнде -24-26 °C.
Қызылорда облысында кей уақытта қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі. Күндіз ауа температурасы -10-12 °C дейін суыса, -13-15 °C дейін барады.
Жетісу облысында күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Солтүстіктен жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с. Өңірде күндіз және түнде ауа температурасы -3-5 °C болады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы -3-5 °C болса, түнде -7-9 °C дейін суиды.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел солтүстік-батыстан соғады екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз ауа температурасы -10-12 °C, түнде -16-18 °C.
Абай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Семейде күндіз және түнде -13-15°C, тіпті одан да сууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Өскеменде - 5-7°C болады. Күн одан да қатты сууы мүмкін.
Түркістан облысында кұн көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын. Желдің жылдамдығы түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 8-13, екпіні 15-20 м/с. Жел солтүстік-батыстан соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -5-7 °C шегінде сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ. Қонаевта 22 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей уақытта екпніні 18-23 м/с. Ауа температурасы облыста -4-6 °C деңгейінде сақталады.
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 11-13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Ауа температурасы күндіз және түнде -3-5 °C.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі. Көшпелі бұлтты, қар жауады, бұрқасын күтіледі. Түнде -23-25 °C дейін суыса, күндіз -23-25 °C болады.
Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі. Ауа температурасы күндіз және түнде -21-23 °C деңгейінде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күн бұлтты, қар, бұрқасын. Желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Ауа температурасы күндіз -23-25 °C болса, түнде -25-27 °C.