Теңге нығая түсті

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы әлсірей түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 520,91 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,16 теңгеге төмен.

Ал ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 521 теңгеден сатып алынып, 527 теңгеден сатылып жатыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта айырбастау пунктерінде курс ауытқуының шектерін белгілеу туралы реттегішінің шешімін түсіндіруге тырысып, жағдай тұрақсыз екенін айтқан еді. 

Сүлейменов Ulysmedia-ның сұрағына жауап бере отырып, нарықтағы жағдайдың тұрақсыз екенін атап өтті. 

– Қазіргі жағдай айтарлықтай құбылмалы, тұрақсыз. Осындай кезеңдерде валюта бағамының аралығын қысқарту қажет. Біз бұл коридорды бизнеспен айналысатын ұйымдардың белгілі бір маржасын сақтай отырып, бірақ оның шамадан тыс болмауы үшін қысқарттық. Бұл шамадан тыс маржа біздің ақшамыздан алынады. Сатып алу бағасы 510, сату бағасы 530 – бұл дұрыс па? – деді ол.