Алматыда пикетке шыққан тағы бір белсендіні полиция ұстап әкетті

Сымбат Сатыбалдина

Алматыда Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан Ақторғын есімді белсенді ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

 

Азаттық

МӘН-ЖАЙ

Белсенді Ақторғын Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шықты. Бірнеше минуттан кейін оны полиция ұстап алып кеткен. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Темірланды қолдап шыққан екі журналист қамауға алынды. Оның бірі – журналист Рус Бикетов, ол 15 тәулікке сотталды. Сонымен қатар, Еңсебекті қолдап, пикетке шыққан журналист Әсем Жәпішева да 15 тәулікке қамауға алынды. 

Ал 21 қаңтарда Еңсебекті қолдап, тағы екі адам пикетке шыққаны белгілі болды. 

ПИКЕТКЕ ШЫҚҚАНДАР

Oyan, Qazaqstan саяси реформа талап етуші қозғалысының белсендісі Ақмарал Жәкібай Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында Темірлан Еңсебекті қолдауға @qaznews24 жеке пикетке шыққан. Бұл ақпарат қозғалыстың парақшасында жарияланды.

Қостанайда белсенді Сергей Зинченко «Сатира — қылмыс емес» деген жазуды күртешесіне жазып, Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан. Ол да ұсталған. Бір күн бұрын Алматыда журналистер Әсем Жәпішева мен Руслан Бикетов Темірланға қолдау көрсетіп, жеке пикет өткізіп, 15 тәулікке қамауға алынған.

Төрт күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын. Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.