Еуропа елдері де Ресей агрессия танытуы мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей 2028 жылы Еуропалық одақ елдерінің біріне қарсы әскери агрессияны бастауы мүмкін, деп ескертті ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас, деп жазады DW.
Біздің ұлттық барлау қызметтеріміз Ресейдің 3-5 жылдан кейін қорғанысқа дайындығымызды тексере алатыны туралы деректерді береді. Украинаға көмектесу үшін біз көп нәрсе жасай алатынымызға күмән жоқ. Біздің көмегімізбен Украина соғыста жеңе алады, - деді ол.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісім жасасудан бас тартса, Ресей үлкен қиындықтарға тап болады деп мәлімдеген еді.