Абай облысында автобус боранда жолда қалды: жолаушылар Аягөзге жеткізілді

Сымбат Сатыбалдина

Абай облысында жолаушылар отырған автобус аударылып кете жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТЖМ

МӘН-ЖАЙ

Бүгін Аягөз ауданы, Қарағаш ауылдық округінің аумағында орналасқан “Қарағанды-Аягөз-Боғаз” республикалық маңызы бар автожолының 736-шақырымында оқыс оқиға болды. Ақжар-Алматы бағытында жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кеткен.

ЭВАКУАЦИЯ

Оқиға орнына жедел түрде Аягөз ауданының ТЖМ және ҚМ 15701 әскери бөлімінің қызметкерлері жетті. Бірлескен күш-жігермен 10 жолаушыны эвакуациялау сәтті жүзеге асырылды. Барлық жолаушы Аягөз қаласына жеткізіліп, жылыту бекетіне орналастырылды.

Құтқарушылар азаматтарды ұзақ жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын мұқият тексеруге шақырады.