«Жошының атын Хусаин, Кетбұқаны Али деп өзгерткен»: 5-ші сыныптың кітабы желіде дау туғызды

Сымбат Сатыбалдина

Бесінші сыныпқа арналған орыс тілі мен әдебиеті кітабындағы шығарма желіде дау тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ulysmedia.kz коллажы

Кітаптағы түсініксіз жайт туралы Facebook қолданушысы жазды. 

 – Орыс тілі мен әдебиеті оқулығы. 5 сынып. Авторы Жанпеисова У.А. 2-бөлім, 16-бет. Қазақ халық ертегісін оқиық! Бізде Жошы емес Хусаин деген хан болыпты, оған баласының қазасын жеткізген Кетбұға емес, Али деген күйші болыпты-мыс. Қалай бұл?, дейді ол. 

Жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір жазған. 

- Әлиі несі? Ол кім тағы? Мынау арабизация емес пе?!

- Кеше ғана осыны оқып, мен де шок болдым!

- Бәріміз бөлісейік, қоғам болып талқылайық, дейді желі қолданушылары. 

Ulysmedia.kz тілшісі мұның мән-жайын білу мақсатында Оқу-ағарту министрлігіне сұрау салды. Министрлік өкілдері жауап беруге уәде етті.