Астанадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот отырысы бүгін де жалғасты. Сот отырысында прокурор сарбазды атқан офицерді 13 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сарбазды атқан офицерді 13 жылға соттауды сұрады.
СОТ ІСІ
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Астанадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Сот отырысына қатысып жатқан Ulysmedia.kz тілшісінің хабарлауынша, сот процесі жанжал болған: журналистерді сот залына бірден кіргізбеген. Толығырақ осы тұста.
Марат Ерболұлы Барқұлов өзінің туған ауылы – Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында жерленді. Ulysmedia тілшісі сол тұста Самар ауылына барған.
Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сол тұста тараған ақпаратқа қарағанда, сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.