Жетісу облысында 111 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Сымбат Сатыбалдина

Жетісу облысында 111 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ЗАҢ

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, пайдаланылмаған жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. 

38 УЧАСКЕ

Жерді пайдаланушылар заң талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы 38 жер учаскесін мақсатқа сәйкес пайдаланбаған.

26 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР

Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, күні кеше Қарағандыдағы Ленин кинотеатры мемлекетке қайтарылған болатын. 1960 жылы ашылған кинотеатр Қарағандыдағы алғашқы екі залды кең экранды кинотеатр болған. Бұл ғимарат қаланың мәдени өмірінің орталығына айналып, жоғары деңгейдегі премьераларды, фестивальдар мен кинофорумдарды көрді. 

Алайда 1998 жылы нысан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен заңсыз шығарылып, кейіннен жекешелендірілген.