Украина соғыста қаза болған 757 сарбазының денесін қайтарды

Сырым Қаржас

Оның ішінде Ресейдегі мәйітханаларда жатқан 34 адамның денесі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект

Репатриациялық іс-шаралардың нәтижесі бойынша 757 сарбаздың денесі Украинаға қайтарылды, деп хабарлады әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабы. 

Қаза тапқандар арасында:

  • 451 Донецк бағытынан;
  • 71 Бахмут бағытынан;
  • 51 Угледар бағытынан;
  • 13 Луганск бағытынан;
  • 137 Запорожье бағытынан;
  • Ресейдегі мәйітханалардың 34-і.

Бұған дейін Дональд Трамп Ресеймен соғысқаны үшін жауапкершілікті Украина президенті Владимир Зеленскийге жүктеген. Оның алдында Владимир Путинді "Ресейді құртып жатыр" деп мәлімдеген.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.