Көктайғақ, тұман: 26 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26 қаңтарға Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде -18...-20°C дейін төмендейді, күндіз -10...-12°C болады.

Алматыда да құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз, көктайғақ болуы мүмкін. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C.

Шымкентте аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +8...+10°C жылы болады.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C болады.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы шамамен 5 м/с. Түнгі температура -13...-15°C, күндіз -7...-9°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -10...-12°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде термометр -17...-19°C, күндіз -5...-7°C көрсетеді.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -7...-9°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз, көктайғақ болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с, түнде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-14°C, күндіз -2...-4°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -13...-15°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз 0...+2°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын болжанбайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнде ауа температурасы -23...-25°C дейін төмендейді, күндіз -16...-18°C болады.

Петропавлда күн бұлтты, құрғақ. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -11...-13°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -11...-13°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Түнгі температура -20...-22°C, күндіз -2...-4°C.

Таразда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-15°C, күндіз +1...+3°C.

Түркістанда аздап бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +7...+9°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнгі температура -10...-12°C, күндіз -7...-9°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -25...-27°C, күндіз -13...-15°C.