Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ. : 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Орал қ.: 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25 м/с күтіледі. Таразда 27 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.