Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін Қазақстанда 20%-ға дейін көбейту туралы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Смирнова мәжіліс кулуарында журналистің сұрағына жауап беріп, үкімет мемлекеттік бюджетті оңтайландыру үшін "министрліктерді қысқартуы" керек деп мәлімдеді.
ДӘЙЕКСӨЗ
- Мен салықтың көбеюіне қарсымын. Қолда бар бюджет қаражатын тиімді жұмсау керек. Мемлекеттік органдарды, министрліктерді қысқарту керек. Проблемалады осылай шешуге болады. Тұтынушылардың есебінен барлық мәселелерді шешудің қажеті жоқ, дейді Смирнова.
ДЕПУТАТ БЕРДЕНОВ
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Қазақстанда қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру туралы ұсынысты сынға алған болатын. Депутат мұндай шешімге қарсы екенін айтып, бұл ең қате шешім болғанын айтты.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді.
Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді.