Қазақстандықтар долларды азырақ сатып алып, рубльді көбірек өткізе бастады

Сырым Қаржас

Қазақстандықтар Ресей рубльдері мен долларларын белсенді түрде сатып алуды тоқтатты. Ұлттық банктің есептерінде осындай мәлімет келтіріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстанда шетел валютасына сұраныс кейінгі бес жылда ең төмен болып шыққан. Барлық ақша айырбастау пункттері сатқаннан гөрі 4,4 млрд теңгеге көп рубль қабылдаған. Қазан және қараша айларында рубльдің таза сатылымы тиісінше 8,8 млрд және 4,9 млрд теңгені құраған еді.

СҰРАНЫС  

Желтоқсан айында Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларға сұраныс 22,8% төмендеді. Валютаны таза сату көлемі 175,9 млрд теңгені құрады, ал қараша айында бұл көрсеткіш 228 млрд теңгені көрсетті.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы әлсіреген еді. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, 2025 жылы доллар бағамы 600 теңгеге дейін көтерілмейтінін мәлімдеген.