Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтар Түркиядан елге қайтарылады

Аян Өрібай

Алдағы екі-үш ай Астанада болғаннан кейін Ербаян Мұхтар қайтадан емін Түркияда жалғастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Скриншот

Бұл жайлы ақпарат Ербаянның парақшасында жарияланды. Басына ота жасалғаннан кейін толыққанды емге кірісу үшін оған екі-үш ай мерзім демалуы керек. Көктемде емін жалғастыру үшін Ербаянды қайтадан Түркияға жеткізеді. Ербаян Астанада нейрохирург, профессор Гекхан Акдемирдің бақылауында болады. Дәл осы маман Ербаянға ота жасаған. Ербаянды Түркияға жеткізерде ол Астанаға ұшып келмек.  Сарбаздың ата-анасы Акдемир мырзаға, сонымен бірге ем-домына, аударма мәселесіне жүгіріп, көмек еткен Режеп пен Динараға алғыс айтады.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынғанын жазған едік.