Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАСЫМБЕКККЕ НЕ ДЕДІ
Тоқаев Астанада жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.
- Оған бәріміз куәміз. Жалпы қала әкімінің тиісті қабілеті бар. Тиянақты жұмыс істеуде. Дегенмен Астанада көлік кептелісі мәселесі өте өзекті болып отыр. Сондықтан осы бағытта шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдау қажет. Тағы бір маңызды міндет тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар салу. Бұл мәселе тек елордаға емес, барлық облыстардың басты қалаларына қатысты. Салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы, жерасты коммуникацияларының құрылысы және жөндеу жұмыстары басты назарда болуы қажет, деді президент.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтің жұмысына баға берді.
Премьер-министрдің баяндамасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қысқаша былай деді:
Экономикаға біршама жағымсыз жайттар ықпал етті. Біраз біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстадық. Жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды толық көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды. Шешімі табуы тиіс түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі. Еліміздің экономикасын әртараптандыру жұмыстары әлі толық аяқталған жоқ. Экономикамыз ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Осы жөнінде атап өтуіміз керек. Ұлттық қор әлеуметтік экономиканың ажырамас бір бөлігі. бизнестің инвестициялық белсенділігі әлі де төмен. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай жою керек, – дейді ол.
БЕКТЕНОВ НЕ ДЕЙДІ
Баяндама жасаған премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда экономика өсімі 2024 жылы 4,8% деңгейді көрсеткен. Салалар ішінде ең көп өсім ауыл шаруашылығында (13%) тіркелген.