Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Сот оны босатарлық негіз таппады. Оның өтініші қанағаттандырылмады, – делінген хабарламада.
МЫРЗАХМЕТОВ НЕ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты былтыр мамырда “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке үкім шығарған еді. Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
2023 жылдың 10 мамырында Мырзахметовтің ұсталғаны белгілі болды. Антикор "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы алаяқтық жасады және кәсіпкерге "туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға"көмектескені үшін пара берді деген күдікке ілінгенін хабарлаған.
БҰРЫН ДА ІСТІ БОЛҒАН
2002 жылы наурызда Мырзахметов аса ірі мөлшерде - 3,3 миллиард теңге (сол кездегі бағам бойынша - шамамен 22,5 миллион доллар) ұрлау туралы қылмыстық істі тергеу кезеңінде қызметінен шеттетілді. Сол жылдың маусым айында оны ІІМ Тергеу департаменті тұтқындады. 2003 жылдың мамыр айында Абылай Мырзахметов 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Ал 2005 жылы Абылай Мырзахметовтың мансап қисығы қайтадан жоғарыға көтерілді, ол Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті болды. 2007 жылдан бастап "Атамекен "одағы "Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы"ЗТБ басқармасын басқарды. 2013 жылы "Атамекен"ҰКП Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2021 жылы Forbes Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне Абылай Мырзахметовті енгізді.2022 жылдың ақпан айында, қаңтардағы оқиғалардан кейін Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тастады. Ал 2023 жылдың мамырына дейін ол туралы ештеңе естілмеді.