БҚО-да мемқызметкер сыйлығын мемлекетке қайтарып берген

Сымбат Сатыбалдина

БҚО-дағы мемлекеттік қызметші өз сыйлығын мемлекетке тапсырды. Сыйлық ретінде берілген медициналық сөмке 200 мың теңгеге жуық бағаланып, аукционға қойылды., деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ / Ulysmedia

СЫЙЛЫҚТЫ ҚОРҒА ТАПСЫРУ 

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мемлекеттік қызметшілер құны 5 АЕК-тен (2025 жылы 19 660 теңге) асатын сыйлықтарды арнайы қорға тапсыруы тиіс екенін хабарлаған еді.

“Мой ГОРОД” мәліметінше, БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, 2024 жылы тек бір ғана сыйлық тіркелген. Шекарашы оқу кезінде шетелдіктер сыйға тартқан медициналық сөмкені мемлекетке өткізген. Сөмке 196 296 теңгеге бағаланып, саудаға шығарылды.

ЕРЕЖЕ

Ережеге сәйкес, егер мемлекеттік қызметші немесе оның отбасы мүшелері құны 5 АЕК-тен жоғары сыйлық алса, ол мемлекеттік меншікке берілуі керек. Бұл ресми іс-шараларда алынған сыйлықтарға да қатысты, жеке жетістіктері үшін берілген марапаттардан басқа.

Шенеунік өз сыйлығын арнайы комиссияның бағалауынан кейін сатып ала алады. Бағалау жүргізілген соң оған шот ұсынылады, содан кейін сыйлықты сатып алу мүмкіндігі беріледі. Комиссия құрамына мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, салық қызметінің, әділет департаментінің, кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мамандар кіреді. Егер сыйлық сатып алынбаса, ол e-qazyna.kz сайтында аукционға қойылады.

СЫЙЛЫҚТАР АЗАЙҒАН

Ведомствоның мәліметінше, бұл тәжірибе өңірде шамамен 10 жылдан бері бар. Алайда жыл сайын тапсырылатын сыйлықтар саны азайып келеді, себебі адамдар шенеуніктерге сыйлық беруді азайтқан. Ең есте қалған сыйлықтардың бірі – 2016 жылы БҚО-ның бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновке сыйға тартылған Данияр Елеусіновтің бокс қолғабы. Сонымен қатар, былғары портфель де болған. Көбіне шенеуніктерге гүлдер мен шоколад сыйлайды – олар да сауда арқылы өткізіледі, ал тез бұзылатын тағамдар жойылады.

Айта кетейік, 2025 жылы әзірге ешкім сыйлық тапсырмаған.