ҚР СІМ 369 қазақстандық АҚШ-тан қуылғанын жоққа шығарды

Сымбат Сатыбалдина

Желіде АҚШ билігі елде заңсыз жүргендерді қуып жатқаны туралы және оның ішінде 369 қазақстандық бар екені туралы хабар тарады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты жоққа шығарып, түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

369 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

Кешеден бері БАҚ пен әлеуметтік желілерде АҚШ жаңа президентінің саясатына байланысты сол елде заңсыз жүрген мыңдаған мигранттар депортацияланады деген ақпарат кеңінен тарап жатыр. Смадияровтың сөзінше, барлығы Fox News-тың хабарламасына жүгініп жаңалық жасап жатыр. Оған қоса депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық та бар екен-мыс.

- Ал сол ақпаратты тексеріп қарасақ, Fox News бұл жаңалықты 2024 жылғы 11 желтоқсанда жариялаған. Сондықтан ол ақпарат АҚШ-тың көші-қон бойынша жаңа саясатына еш қатысы жоқ. Жалпы алғанда, депортация деген бір мемлекеттен жағымсыз тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Мұндай депортациялау әрбір мемлекетте күнде жүзеге асырылып жатқан қалыпты іс-шара. Сондықтан ол туралы заңсыз келген басқа елдің азаматтарын шекарадан өткізбей немесе заңсыз жүрген тұлғаларды депортацияласа сол елдің билігі елшілік немесе консулдыққа хабарлауға міндетті емес, деп түсіндірді Айбек Смадияров.

АҚШ-ТА ЗАҢДЫ ЖОЛМЕН ҚАЛУДЫҢ 8 АМАЛЫ

Еске салайық, бұған дейін 17 жылдан астам АҚШ-та тұратын Қазақстанның тумасы сол елде заңды түрде қалай қалуға болатынын айтып берген болатын. Біріншісі – грин-карта. Екінші әдіс – тур мәртебесін ұзарту. Үшінші әдіс – Е-2 инвесторының визасы. 

Қалған әдістерді осы сілтеме арқылы оқып біле аласыз.