-26°C дейін аяз: қаңтардың соңғы күні ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас

Синоптиктер биылғы қаңтардың соңғы күніндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Tengrinews.kz

Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -20...-22°C, күндіз -13...-15°C.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, кейде қар, тұман, көктайғақ, жел 2-7 м/с. түнде Температура -6...-8°C, күндіз -2...-4°C.

Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, кейде тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...+1°C.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз + 7...+9°C.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 31 қаңтарда түнде көктайғақ сақталады. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ.: 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз + 1... + 3°C.

Ұлытау облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың бытысында, оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман. Жезқазғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -10...-12°C.

Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды қ.: 31 қаңтарда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағандыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -13...-15°C.

Ақмола облысының оңтүстігінде , шығысында түнде қар , жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы -23...-25°C, күндіз -15...-17°C.

Алматы облысында кей уақытта түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 31 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 31 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, кейде қар, тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -2...-4°C.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -4...-6°C.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 31 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада күн бұлтты, кейде жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -1...+1°C.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 31 қантарда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, аздаған қар, төменгі боран, жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 19...-21, күндіз -15...-17°C.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Петропавлда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -24...-26°C, күндіз -17...-19°C.

Абай облысында қар, түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Семей қ.: 31 қаңтарда қар, түнде бұрқасын күтіледі. Семейде күн бұлтты, қар, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-8°C, күндіз -10...-6°C.

Жетісу облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда күн бұлтты, қар, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 31 қаңтарда түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі. Таразда көшпелі бұлт жүреді, қар, тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...-2°C.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 31 қаңтарда түнде қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 31 қаңтарда түнде қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, кейде тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...+1°C.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 31 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ, жел 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.

Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, бұрқасын күтіледі. Өскеменде күн бұлтты, қар, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -5...-7°C.