Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 518,14 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,05 теңгеге төмен.
Қазір айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 517 теңгеге сатып алынады, 520 теңгеге сатылады.
Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы теңге бір жыл ішінде 15%- дан артық мөлшерде әлсірегенін хабарлаған еді.