Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жыл қорытындысы бойынша пайдасы 2,56 трлн теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПАЙДА
Жыл қорытындысы бойынша таза пайда 2,56 трлн теңге, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17%-ға жоғары. Айта кетейік, бұл соманың үштен екісі аталған көрсеткіш бойынша көш бастап тұрған бес банкке тиесілі.
АКТИВТЕР
Қазақстан банктерінің жалпы активтері 61,6 трлн теңгеге жетіп, соңғы тоқсанда 6%-ға өсті. Ал ссудалық портфель активтерге қарағанда жылдамырақ өсіп, 7,4%-ға ұлғайды. Қазіргі көлемі – 35,8 трлн теңге.
ДЕПОЗИТТЕР
Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері 1 қазаннан бастап шамамен 10%-ға артты. Үшінші тоқсанмен салыстырғанда, өсім қарқыны артты (бұрын 3% болған).