Теңге тағы нығайды - сарапшылар себебін түсіндірді

Сымбат Сатыбалдина

Қаңтардағы соңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы аздап нығайды: бір доллар 518,20 теңгеге (-0,99 теңге) дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, ұлттық валютаға негізгі қолдау көрсететін – ішкі факторлар. Олардың қатарына экспорттық валюта түсімінің 50%-ын міндетті түрде сату есебінен ішкі нарықтағы шетел валютасының қосымша ұсынысы, Ұлттық қордан трансферттерді конвертациялау, сондай-ақ алтын сатып алу бойынша операцияларды айналы түрде жүргізу жатады.

- Нарықта бүгін жарияланған Ұлттық қордан ақпан айына арналған шетел валютасын сату көлемі мен қаңтардағы инфляция деректерінің алдында да шетел валютасын сатып алған болуы мүмкін. Осы уақытта Ұлттық банк 2024 жылға арналған төлем балансының алдын ала бағасын жариялады: ағымдағы шот тапшылығы екі есеге, 9,0 миллиард доллардан 4,4 миллиард долларға дейін қысқарды. Бұл, негізінен, тікелей шетелдік инвестициялар бойынша табыстың теріс мәнінің азаюымен (-4,4 миллиард доллар) байланысты, делінген мәлімдемеде.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке үкіметпен тығыз, бірлесе жұмысты істеуді тапсырды. 

Тимур Сүлейменовтің баяндамасын тыңдағаннан кейін президент ұлттық банк өз мандатына сай жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бұл түсінікті. Әрине, сұрақтар әлі де баршылық. Ең алдымен, адамдарды ұлттық валютаның ойнамалы болуы алаңдатады. Америкалық доллардың күшеюіне байланысты сарапшылар теңге бағамына қысым күшейетінін күтеді. Тұрақтылықты қамтамасыз етіп, инфляцияны тежеу аса маңызды шаруа. Тіпті қазір басты міндет деуге болады. Бұл жұмыс үкіметпен тығыз, бірлесе жүргізілуі керек. Біз тәуелсіз әрі өздігімізбен жүрген уақыт кетті, қазір ол жұмыс істемейді, қазір ахуал ерекше болып тұр. Кейінірек ол туралы айтармын, – деді Тоқаев.