Түркияда оқып жүрген қазақстандық студентті жеті түркиялық сабап кеткен

Сымбат Сатыбалдина

Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студентті түрік азаматтары соққыға жығып, құжаттары мен ұялы телефонын тартып алып кеткен. Бұл туралы студенттің анасы әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жәбірленуші – Түркияда медицина мамандығында білім алып жүрген қазақстандық студент. Анасы Қарақат Байтұрғанованың айтуынша, астана уақытымен таңға жуық кезде оның ұлын жеті түркиялық азамат соққыға жығып, құжаттары мен телефонын тартып алған. 

-  Менің ұлымды полиция көрген. Балам “көмектесіңіздер” деп айғайлаған. Полиция кішкене ғана қуалап, артынша “шаршап қалдық” деп күдіктілердің артынан жүгіруді тоқтатқан. Балам полицияға барып, арыз жазса, арызды қабылдамай жатыр. Екі күннен кейін Қазақстанғак келуі қажет болған. Көмектесіңіздерші, дейді Қарақат Байтұрғанова. 

ҚР СІМ НЕ ДЕЙДІ

Ulysmedia.kz. тілшісі сыртқы істер министрлігінен бұл жайтқа қатысты жауап беруін сұрады. Ведомство мәліметінше, Қарақат Байтұрғановамен бас консулдық байланысқа шығып, істің алға жылжыуына көмектескен.

“Әлі де менімен байланыста отыр. “Табамыз” деп уәде беріп отыр. Баламның құжаттарын туралап берді. Елге келуіне жағдай жасап отыр. Түркиядағы барлық қазақ бауырларымызға алғыс айтамын”, дейді Байтұрғанова.