Тікұшақ апатынан кейін министр жағалауға 12 сағатта жүзіп жетті

Ulysmedia

Мадагаскар полиция министрі Серж Гелле тікұшағы теңізде құлағаннан кейін 12 сағатқа жуық суда жүзіп жүрген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: korrespondent.net

Korrespondent.net-тің мәліметінше, министр ауруханаға жеткізілгенде ажалы әлі жеткен жоқ екенін айтқан.

Министрмен бірге тікұшақпен ұшқан тағы бір қауіпсіздік қызметкері де аман қалды. Тікұшақ ұшқышы мен борттағы тағы бір әскери қызметкер із-түзсіз жоғалған.

Министрдің тікұшағы дүйсенбі күні кешке елдің солтүстік-шығысында апатқа ұшыраған кеме орнын тексеру үшін ұшқан болатын. Теңіз агенттігінің хабарлауынша, апаттан қаза тапқандар саны 64-ке жетті, кемінде 20-сы із-түзсіз жоғалған. Кеме жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілмеген жүк кемесі болып шықты. Ол шамадан тыс көп жүк тиелгендіктен суға батып кетті.