Түркістан облысында екі көлік жантүршігерлік апатқа түсіп, алты адамның өмірін қиды

Сымбат Сатыбалдина

Түркістан облысында екі көлік жантүршігерлік жол апатына түсіп, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция департаментінен

Полиция екі көліктің жол апатына түсуіне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. 

ӨРТКЕ ҰЛАСҚАН АПАТ

Оқиға 3 ақпанда Түркістан облысының Кентау-Түркістан тас жолының 5 шақырымында болған. "Ауди" маркалы екі бірдей көлік жол апатына түсіп, артынан өрт шыққан. 

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.

ТЕРГЕУ

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.

Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.