Биыл жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 1 083 шақырым болатын жолдардың құрылысы жалғасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.
ҚАНДАЙ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ
Қарабаевтың сөзінше, биыл жөнделетін жолдар – Қалбатау – Майқапшағай (405 км), Құрты – Қонаев (67 км), Қызылорда – Жезқазған (398 км) және Ұзынағаш – Отар (42 км) жолдары. Жаңа жобалардың ұзындығы 1 045 шақырым. Оның ішінде «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 км), «Қарағанды – Жезқазған» (572 км), «Атырау – Доссор» (86 км), «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 км) бірінші техникалық санатқа ауыстырылады.
ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРҒА БАСЫМДЫҚ
Айта кететін мәселенің бірі отандық мердігерлерге қолдау көрсету, яғни жобаның орындаушысын анықтау барысында Қазақстанның немесе шетелдік компаниялармен бірлескен консорциумдарына басымдылық берілмек. Мәселе халықаралық қаржы институттарымен толығымен келісілген.